Айкын сагыныш текст и слова песни

Айкын сагыныш текст и слова песни

Текст и слова песни Айкын-сагыныш

Қанша арман кеткенімен
Жоғалттым сені мүлде
Көзімнен кеткеніңмен
Жүрсіңғой көңілімде
Сыры бар сезпес пенде
Айналды танымасқа
Қайтадан кездескенде
Болармед бәрі басқа

Қ-сы
Көнерсің күйгеніңе
Тағдырмен егесе алмай
Қоспайтын сүйгеніңе
бұл өмір неге сондай
Махаббат мағынасын
Табалмай кезіп жүрмін
Сен мені сағынасың
Мен оны сезіп жүрмін

Жадымда бейнең әлі
Үмітім мың гулдеді
Қайтадан кейде бәрі
Келердей Бір күндері
Биікке самға бағым
Кеудемде ән ойнасын
Сындырып алма жаным
Бақыттың шар айнасын